Абай облысында 13 жасар жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Полицияның деректеріне сүйенсек, 6 маусымда 13 жасар жасөспірім облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ол су қоймасының маңында болған төбелес кезінде жарақат алған болып шықты.
— Балалар арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Төбелескендер анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды, — деп жазылған хабарламада.
Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.