Суббота, 30 ноября, 2024

Абай облысындағы өрт. 277 адам эвакуацияланды

Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Орман алқабында құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.

Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ «Қазависпас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.

Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді. Өрт орнына вице-министр генерал-майор Марат Күлдіков барды. Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық. «Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп болжанып отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған