Четверг, 28 ноября, 2024

Абай облысының Бесқарағай ауданында құрғақ шөп жанып жатыр

Абай облысына қарасты Бесқарағай ауданында құрғақ шөп өрті сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Облыстық ТЖД мәдіметінше, 10 шілдеде сағат 12:35-те «101» пультіне Бесқарағай ауданында Бірлік пен Белокаменка ауылдарының арасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері дереу жолға шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қамыс, бұта және құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды», — делінген хабарламада.

Өрт 15:18 сағатта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 4,5 гектарды құрады.

«Орман қоры мен елдімекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруді құрамында 30 адам және 7 бірлік техника бар Абай облысы ТЖД, ЖАО және «Семей Орманы» МОТР күштері мен құралдары сөндіріп жатыр», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған