Алмат Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылды.
А. Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары жеке секторда қызмет еткен.
2010–2014 жылдары, сондай-ақ, 2017–2019 жылдары Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысынан төрелікте іс карауға дейін қызмет еткен.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап ӘМ Заңнама департаментінің директоры лауазымын атқарған.
2019 жылдың наурыз айында Әділет вице-министрі болып тағайындалған болатын.