Вторник, 26 ноября, 2024

Аида Балаева: Үкімет депутаттармен бірлесіп, екі жаққа да қолайлы шешім шығарады

Бүгін Мәжілісте ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысуы туралы заң жобасы таныстырылды. Осы туралы әлеуметтік желіде хабарлаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет депутаттық корпуспен бірлесіп талқылағаннан кейін екі жаққа да қолайлы шешім шығарады деп ойлайтынын жеткізді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және барлық билік тармақтарының ашықтығы деңгейін арттыру.

«Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаулар өткізу және депутаттық заң жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау мәселесі төңірегінде қызу пікірталас болды.

Қазіргі кезде қорытынды жасауға әлі ерте екенін айта кеткім келеді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобы енді ғана өз жұмысын бастамақ.

Үкімет депутаттық корпуспен бірлесіп, талқылаулардан кейін екі жаққа да қолайлы шешім шығарады деп пайымдаймын.
Естеріңізге сала кетейін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылдан бері қолданыста және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған, — деп жазды Аида Балаева.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған