Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін әлеуметтік желіде суретін жариялады, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Бұл суретін ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қарашада таңертең WBA Regular атағы үшін жекпе-жегінде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастарына жазба жариялаған еді.