Четверг, 28 ноября, 2024

Айжан Байзақова гендер-патиді ерекше стильде өткізді

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова мен оның жолдасы гендер-пати жасады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ерлі-зайыпты Disney стилінде гендер пати ұйымдастырып, жақын достарының басын қосты. Күлгін түсті көйлек киген Айжан ханшайымның рөлінде болса, күйеуі Нұрбек нағыз ханзададан аумай қалған. Отбасылық мерекеге блогердің үлкен ұлы Алан да қатысты.

Видеодан қораптан көк түсті конфетти шашылғанын көруге болады. Блогердің ұлды болатыны белгілі болды. Мерекеге жиналған қонақтар ерлі-зайыптыларды қуанышымен құттықтап жатты.

“Футбол командасы болатын сияқты”, – деп жазба қалдырды Байзақованың өзі.

Желі қолданушылары да жас отбасыны қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

“Бір күнде жүкті екенін айтып, гендер пати жасаған жалғыз блогер”, “Құттықтаймын”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Алан жақсы аға болады”, “Күйеуіңіз нағыз ер азамат. Бақытты болыңыздар”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған