Вторник, 26 ноября, 2024

Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің шығатын күні белгілі болды

Семейде қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Соңғы үкім» тарихи фильмінің түсірілімі аяқталды. Туынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Жобаның түсірілімі өткен жылы Алматыда басталған. Биыл түсірілім процесінің негізгі бөлігі Семей қаласында және Алматы мен Абай облыстарының табиғи нысандарында өтті.

Қазіргі уақытта картинаны монтаждау кезеңі жүріп жатыр. Ал фильмнің тұсаукесері 2023 жылдың 2 ақпанына жоспарланған.

Себебі осы күні Байтұрсынұлы редактор болған алғашқы кәсіби «Қазақ» газетінің 110 жылдығы тойланады.

Фильм ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының ең жарқын көшбасшыларының бірі, қазақ грамматикасының негізін қалаушы, ғалым, ақын және публицист өмірінің қырық жылын қамтитын шағын эпизодтардан тұрады.

Киножоба бастауыш мектептің қарапайым оқытушысынан ұлттың ұстазына айналған Ахметтің таңғажайып тағдырына әсер еткен маңызды оқиғалар туралы баяндайды.

«Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі, қудаланған, бірнеше рет қамауға алынған.

Бірақ соған қарамастан толық драма мен трагедияға толы дәуірде әдемі махаббатқа да орын таба білген саясаткер-күрескердің арпалысқа толы өмірі көрсетіледі.

Басты рөлде Азамат Сатыбалды. Сондай-ақ, фильмде Дарья Александрова, Александр Багрянцев, Ерлан Кәрібаев және басқалар ойнады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AZAMAT SATYBALDY (@azamatc)

«Ахмет Байтұрсынұлы – біздің мақтанышымыз. Менің ойымша, біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көруі тиіс. Өйткені, Ахметтің жасаған ісі, Алашорда қайраткерлерінің ерлігі – бүгін кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды заманауи көрерменге көрсету керек», — дейді басты рөлді орындап шыққан Азамат Сатыбалды.

Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмурзин басқарды.

Қоюшы-оператор — Марс Омаров. Бас продюсер — Дастан Атығаев. Сценарий авторы — Ғалым Доскен.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған