Футбол әлемі әйгілі Лионель Мессидің қайда баратынын күтіп, елеңдеп отыр. «Пари Сен-Жерменмен» келісімшарты 30 маусымда аяқталатын аргентиналық футболшы «Әл-Хилалға» ауысуы мүмкін. Клуб Мессиге құны 1,2 миллиард еуро болатын екі жылдық келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Аргентина футбол құрамасы мен «Пари Сен-Жерменнің» 35 жастағы шабуылшысы қазір не «Барселонаға» оралатынын, не болмаса Таяу Шығыс клубына баратынын ойланып жүр, оған әлемде теңдесі жоқ керемет келісімшарт ұсынылады, деп жазды Foot Mercato.
«Әл-Хилалға» ауысқан жағдайда жылына 600 миллион еуро жалақы алатын Месси әлемдегі жалақысы ең жоғары спортшыға айналады. Қазір Мессидің жұмыстарымен айналысып жүрген әкесі мен ағасы әлемдік футбол тарихында ең көп комиссия ала алады.
Дереккөздің айтуынша, үлкен Месси бұл ұсынысты қабылдап қойған. Ойыншының өзіне келер болсақ, ол әлі де Еуропаның ең мықты клубтарының бірінде ойнаудан үмітті, ең ұтымды нұсқа – «Барселона».
Ал өткен демалыс күндері «Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Месси Франция чемпионы атанып, мансабындағы 43-ші кубогын жеңіп алды