Қарағандының үстел теннисі мектебінің 16 жастағы өкілі Алан Құрманғалиев Португалияның Вила Реал қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
17 жасқа дейінгі категорияда Қазақстан теннисшісі кезек-кезек Франческ Каррера (Испания), Хуан Рамирес (Колумбия), Ноа Витель (Франция), Энрике Риос (Пуэрто-Рико), Мартин Сип (Чехия), Даниэль Берзоса (Испания), Драгош Бужора (Румыния) сияқты боксшыларды жеңді.
Осы табыстан кейін Алан Құрманғалиев 3 наурызда 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекпе-жекке шығып, рейтингте екінші нөмірмен өнер көрсетеді.
Ал жеребе бойынша ол жарысты жекелей сында екінші айналымнан бастап, онда Лисандро Бласко (Аргентина) — Мартин Сип (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.