Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады.
2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың доллар көлемінде ақша талап еткен.
Осындай заңсыз әрекеттің жолын кесу кезінде біреуі қашып кетіп, ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары оны Стокгольм қаласында ұстады.
Еліміздің Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
ARDA-Aqparat