Алдағы аптадан бастап балалардың TikTok-та отыру уақыты шектелетін болды. Ал ұзағырақ отырғысы келсе ата-анасының келісімі болуы тиіс, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Басылымның жазуынша, TikTok әкімшілігі әлеуметтік желінің денсаулыққа әсері туралы ғылымда ортақ пікір жоқ екенін айтқан.
Дегенмен, алдағы аптадан бастап 18 жасқа толмаған пайдаланушылар желіні тек 60 минут пайдалана алады.
Бір сағаттан кейін әлеуметтік желіні пайдалануды жалғастыру үшін кіру кодын енгізу қажет.
«Егер пайдаланушы 13 жасқа толмаған болса, TikTok қолданбасының уақытын созу үшін ата-ананың рұқсатын, яғни кіру кодын енгізуі керек. Бұл жағдайда әлеуметтік желі балаға қосымша 30 минут береді», – деп жазады басылым.