Понедельник, 25 ноября, 2024

Алдағы күндері Алматыда 25 градусқа дейін аяз күтілуде

Алматыда алдағы күндері күн күрт суытады деп күтілуде, яғни осы аптаның соңына қарай қалада 25 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн жылы, алайда ертең, 10 қаңтардан бастап ауа температурасы -5…-10 градусқа дейін төмендейді.

Одан кейін аяз күшейеді: сәрсенбі, 11 қаңтарда түнде -13 … -18 градусқа дейін, күндіз -10 … -15 градусқа дейін суық болады.

12 және 13 қаңтар күндері түнде -20…-25 градусқа дейін, күндіз -13…-18 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Сонымен қатар қалада жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) тұман және көктайғақ күтіледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған