Жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. 27 наурызда елдің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, таулы аймақтарға тұман түседі.
Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді. Республиканың батысында термометр бағаны күндіз 12-26 градус жылылықты көрсетеді, солтүстік-батыста 5-20, солтүстікте, шығыста және орталықта 2-15, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 13-25, таулы аймақтарда 8 -13 жылы болады.