Бразилияда Сеу Жозе Паулино Гомес есімді әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ер адам 28 шілде күні 127 жаста Минас-Жерайс штатындағы Педра-Бонита қаласында қайтыс болды. Шаһардағы жалғыз АХАЖ бөлімінің мәліметінше, Жозе Паулино Гомес шамамен 1985 жылғы 4 тамызда дүниеге келген. Бұл туралы 1917 жылы тіркелген неке қағазында көрсетілген, — деп жазады G1.
Гомес туған күніне бір апта жетпей өмірден өтті. Енді ең қарт адам атағы 116 жастағы испаниялық Мария Браньяс Моререге тиесілі.
Туыстарының сөзіне қарағанда, Гомес өмір бойы мал шаруашылығымен айналысып, жылқы мініп саяхаттағанды ұнатады екен.