Среда, 27 ноября, 2024

Әлеуметтік салаға бағытталатын қаражат өсті — Ерұлан Жамаубаев

Биыл өңірлерге республикалық бюджеттен 7,2 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын қарау кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Әлеуметтік саланың шығыстары 298 млрд теңгеге өсті және 8,5 трлн теңге сомасында жоспарланды немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 37,5 пайызын құрап отыр. Қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталады», — деді Е. Жамаубаев.

Бұдан бөлек, Қаржы министрі күш құрылымы шығыстары 317 млрд теңгеге өсіп,

2,5 трлн теңге сомасында жоспарланғанын айтты.

«Нақтылау кезінде биыл өңірлерге республикалық бюджеттен 7,2 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 32% бағытталады», — деді ведомство басшысы.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған