Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұтынушының шағымы мен өтінішіне дәлелді жауап бермейтін интернет платформаларына қатысты шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Кейінгі жылдары тексерілмеген тауарларды, қызметтерді және алаяқтық схемаларды жарнамалаған қоғамдық тұлғаларға қатысты оқиғалар жиілегенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, қоғам, әсіресе балалардың осындай ақпараттан қорғалмауы алаңдауға негіз болып отыр. Бұл ретте бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында пайдаланушылардың онлайн платформа иелерімен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері жоқ. Ел азаматтарының іс жүзінде барлық өтініштері мен шағымдары қанағаттандырылмайды немесе дәлелді жауап берілмейді. Егер бұл онлайн платформалар әкімшілігі ресми түрде сататын және таңбалайтын жарнама болмаса, онда қарапайым азаматтарға тұтынылатын ақпаратты жіктеу мүмкін емес», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дерегінше, бірқатар елде жарнамалық контенте тұтынушы құқығын қорғауға және онлайн платформаларда жарнамалық стратегияны тиімді жүргізуге бағытталған құқықтық алгоритмдер бар.
«Кейінгі жылдары отандық контент тек Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде де танымал болғанын атап өту маңызды. Дегенмен, әлеуметтік желілердің қазақ тілді аудиторияға ыңғайлы және толық түсінікті болуы үшін платформаларды, сондай-ақ мәтіндік контентті мемлекеттік тілге аудару жүйесін пайдалану мүмкіндігі жоқ», — деп түсіндірме берілген қабылдануы мүмкін заңға.
Осыған байланысты ведомсво интернеттегі жарнама және онлайн платформалар туралы жаңа заң әзірлеуді ұсынып отыр.