Четверг, 28 ноября, 2024

Әлихан Смайылов жылу желілерін техникалық тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

Апатты жағдайда тұрған жекеменшіктегі жылу желілерін коммуналдық меншікке берудің қажеттілігін анықтау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Өңір әкімдіктері Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерінің алдағы 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындығы бойынша іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны тез арада іске асыруға кірісуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне Энергетика министрлігімен және өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 маусымға дейін қолданыстағы жылу желілерінің жағдайына техникалық тексеру жұмыстарын аяқтауы керектігін ескертті.

«Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша апатты жағдайдағы жекеменшік жылу желілерін коммуналдық меншікке берудің қажеттілігін анықтау керек. Нәтижесін менің жеке өзіме баяндаңыздар», — деді Премьер-Министр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған