Алматы полициясы «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, қала жолдарындағы жазатайым оқиғалардың көбеюіне көліктердің баламалы түрлері — мопедтер мен электрсамокаттардың әсері бар.
«Жыл басынан бері мопед жүргізушілері 930 жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан 953 адам зардап шекті, 15 адам қаза тапты. Ал қалада самокаттар 127 жол апатына ұшыраған, салдарынан 133 адам зардап шекті, қаза тапқандар жоқ.биыл жалпы мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 800-ден астам мопед қойылды», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
ARDA