Алматы алғаш рет трахея мен көмей стенозы бар балаларға ота жасалды. Операциялар екі кішкентай пациентке — Алматы қаласы әкімдігі мен ДББҰ қолдауымен Алматыда өткен «Салауатты ұрпақ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының шеберлік сыныбы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Хирургиялық іс-шара м.ғ.д., РҒА корреспондент-мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, Ресей балалар хирургтары қауымдастығының президенті Александр Разумовскийдің қатысуымен жүргізілді.
Алғашқы науқастардың бірі 13 жасар бала болды, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ол трахея стенозы диагнозына шалдықты.
Ұзақ уақыт бойы науқастың өкпесі жасанды желдетуде болғандықтан, трахеостомиясы бар аппаратта тыртық стенозы дамыды, басқаша айтқанда, трахея қабырғасының қалыпты құрылымын тыныс алу жолының тыртық тінімен алмастырумен таралған патологиялық өзгеріске ұшырады. Нәтижесінде, науқас Орталықтан шығарылғаннан соң қайта осы диагнозбен ауруханаға түсті.
«Біз тыныс алу жолдарын қалпына келтіру үшін трахея стенозының аймағын үнемі сүмбілеуге мәжбүр болдық, сүмбілеу процесі бала үшін өте ауыр болды. Бұл мәселені тек хирургия институтында немесе шетел клиникаларында жүргізілетін хирургиялық араласу арқылы шешуге болады. Енді біздің хирургтар осы аурумен ауыратын балаларға операция жасай алады. Біздің Орталық үшін бұл бірегей тәжірибе және үлкен жетістік. Профессор Разумовскийдің біздің мамандарға осы бірегей операцияларды көрсеткені біз үшін үлкен мәртебе», — деп атап өтті Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының бас дәрігері Әлібек Смағұлов.
Жалпы, мастер-класс аясында тағы 3 ота жасалды.
Екінші науқастың диагнозы да осыған ұқсас — трахея стенозы.
Әрі қарай, Қазақстанның эндовидеохирургтар қауымдастығының президенті Владимир Котлобовский тағы 2 ота жасады — калий перманганаты кристалының күйіктері бар балаға лапароскопиялық холецистэктомия және енді бір кішкентай пациентке кеуде қуысын түзетті.
Сонымен қатар, профессорлар түрлі аурулары бар балаларға кеңес беріп, негізгі емдеу әдістерін ұсынды.
Халықаралық конференция аясында «Балалар хирургиясындағы лапароскопияның заманауи мүмкіндіктері. Асқазан-ішек жолдарының, кеуде қуысының және медиастинаның эндоскопиялық операциялары» тақырыбында ресейлік және алматылық әріптестер эндоскопиялық балалар хирургиясының даулы және шешілмеген мәселелерін талқылады.
Мастер-класқа қатысу – әлемдік деңгейдегі балалар хирургтарымен жанды ғылыми-практикалық қарым-қатынас жасаудың бірегей мүмкіндігі екені сөзсіз.