Четверг, 28 ноября, 2024

Алматы-Атырау бағытындағы пойызда ұл бала дүниеге келді

Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданды, ол жайлы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем қызметі шақырылды.

«Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді», – деді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова.

Ақпаратқа сәйкес, Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған сәбиі мен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған