Елорданың Алматы ауданы әкімідгі қылмыс жиі жасалатын орындарды жарықтандыруға 500 млн теңге бөлді. Бұл туралы Алматы аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Өмірбаев айтты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Алматы ауданының әкімдігімен бірлесіп, ведомствоаралық комиссияның жоспары шеңберінде қылмыс жасауға неғұрлым бейім орындарды жарықтандыруға қатысты бірнеше жоба әзірледік. Ол үшін әкімдік 500 млн теңге бөлді. Сонымен бірге, қосымша 2 400 бейнебақылау камералары орнатылады. Бейнекамераларды криминогенді жерлер мен қазіргі таңда бақылау мүмкіндігі жоқ аймақтарға қою жоспарлануда», — деді басқармасы басшысының орынбасары.