Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» кеден бекетінің мамандары Алматы қаласы әуежайындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан АҚШ-қа көне монеталарды заңсыз әкетуге жол бермеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT..
2023 жылғы 22 қаңтар Алматы қаласының әуежайындағы халықаралық почта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына көне монеталарды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді.
Құжаттарға арналған қаптама қапшығында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады.
Аталған жәдігерлер V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында жасалған және тарихи құндылыққа ие тиындар болып шықты.
Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету үшін міндетті декларациялауға жататын мәдени және тарихи құндылықтар.
Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады.
«Айта кету керек, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды контрабандалық жолмен әкелу үшін пошта жөнелтілімдерінің арнасы көбірек қолданылуда.Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылды», – деп хабарлады МКК.