Четверг, 28 ноября, 2024

Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап ұрған әйел қамауға алынды

Алматы облысында анасының қарызы үшін қыз баланың қолы мен аузын байлап тастаған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 жастағы келіншек екі ай қамауда болады.

«Аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған Т. есімді азамат 2 ай мерзімге қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 2-бөлігі «Кәмілет асына толмаған тұлғаны заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде әйел адамның кішкентай қыз баланың аузы мен қолын таңып, қараусыз қалған ғимараттың аумағына алып кеткені туралы видео тараған болатын. Полицияда ол бұл әрекетіне баланың ата-анасының ақшалай қарызы себеп болғанын түсіндірген. Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған