Понедельник, 25 ноября, 2024

Алматы облысында көлік апатынан 4 адам мерт болды

Алматы облысында көлік апатынан 4 адам оқиға орнында мерт болып, тағы екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Hyundai Santamo көлігің 44 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмаған.

Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Бұл жағдай 20 желтоқсан күні болды. Кеген ауданында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктері апатқа ұшырады.

«Hyundai Santamo жүргізушісі Кеген-Көкпек-Тюп жолының 60-шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant көлігіне соғылған. Көлік апаты салдарынан Hyundai Santamo жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті» делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір аталған іске қатысты ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу басталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған