Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
42 жастағы ер адам өгей қызын алдап, оны зорламақ болмақ.
«2023 жылғы 1 тамызда Қарасай ауданы ПБ -ға 1966 жылғы азаматша кәмелетке толмаған С-ға қатысты жыныстық қатынас жасауға тырысқан ер адамға шара қабылдау туралы арызданды. Дерек ҚР ҚК 24-бабының 3 -бөлігі 120-бабының 3-1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1981 жылғы М. есімді күдіктіні анықтап, ұстады», — деп жазды Бауыржан Әленов.
Тергеу барысында ұсталған адамның жәбірленушінің өгей әкесі екендігі анықталған. Кәмелетке толмаған бала туыстарының үйінде болған кезде, ол оқу орнын таңдау керектігін сылтау етіп онымен жыныстық қатынасқа түсуге тырысқан.
«Қазіргі уақытта аталған деректі шешу мақсатында оның толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, тергеу барлық қажетті сараптамаларды тағайындады. Күдікті заңнамада белгіленген тәртіппен УҰИ-ға қамалды.Тергеу барысын мен ерекше бақылауға алдым», — деп жазды облыстық полиция департаментінің бастығы.