Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында алдымен жаппай төбелес болып, артынша 17 жастағы жігітке оқ тиіп, қаза болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жасөспірімнің мәйіті Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінен табылды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 адамды ұстаған. Олардың 9-ы қамауға алынды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал оқ атылған қару күдіктілердің бірінің әкесіне тиесілі екендігі анықталып отыр.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, сот медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабымен іс қозғалған.