Алматы облысы Саты ауылында кәмелет жасына толмаған баланың мәйіті табылды. Полиция бұл жантүршігерлік оқиға бойынша күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған бала өлімі бойынша Кеген ауданының 17 жастағы тұрғыны ұсталған.
“Мәйіт11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған. Аталған дерек аудандық полицияда қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, — делінген полиция ақпаратында.
Ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.