Вторник, 26 ноября, 2024

Алматы прокуратурасының ықпалымен тауарлық газға тариф төмендетілді

Тексеру нәтижелері бойынша «APL Construction» ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану әрекеті анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% — ға), 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды және 78 млн. теңге айыппұл өндірілді.

«Қабылданған шаралардың арқасында Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушысының құқығы қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер»,- делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған