Алматыда газдандыруды 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жиынға келген тұрғынның бірі әкімге ауаның шамадан тыс ластанғанын айтып, көмірді барлық тұрғын үйлер мен кәсіпорындар үшін отын ретінде пайдалануға тыйым салу туралы заңды қарастыруды ұсынды.
«Бұл біздің ЖЭО-ны газдандыруға және жаңғыртуға көшуді жеделдетеді деп үміттенемін»,- деді тұрғын.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жылу электр станциясын газға көшіру бойынша бірінші кезең келесі жылы аяқталатынын айтты.
«Газдандыруды толық қамтамасыз еткеннен кейін біз мәслихаттың қарауына отынның басқа түрлерін пайдалануға тыйым салу туралы құжатты шығаруға дайынбыз. Қалада бізде магистральдық газ құбырлары бар, бірақ адамдар әлі қосылмаған. 2023-2024 жылдар аралығында біз қалада толық газдандыруды аяқтаймыз деп үміттенеміз. Шын мәнінде, көмірді пайдалану көлемі өте төмен, тіпті көмір базаларын Алматы облысының тұрғындары пайдаланады. Қазіргі уақытта Алматыда газдандыру деңгейі 99,2% -ды құрайды және 16 мың тонна көмір пайдаланылады.
ЖЭО-ға қатысты Премьер-министр «Самұрық-Энерго»-ға жаңғырту нұсқаларын шешуді тапсырды. Естеріңізде болса, ЖЭО бойынша 1-кезеңнің аяқталуы келесі жылы тұр», — деді ол.