Медеу аудандық N2 соты Алматы қаласы Спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды. Оларға 367 млн теңге жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Сот үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Алматы қаласы Спорт басқармасының қаржы-шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға сотталды.
«Қазақстан гольф федерациясы» ҮЕҰ спорт менеджері Әлия Смақова – 3 жылға,
«Qazaq Sport» ЖШС директоры Ержан Мұхаманов – 7,5 жылға сотталды.
2023 жылдың қаңтар айында Антикор Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына 367 млн теңге жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.