Вторник, 26 ноября, 2024

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алып, құрбандық шалды

Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Биыл қанды қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Осы орайда қалалар арасында көбірек зардап шеккен Алматы қаласы еді. Алматы әкімдігі бүгін қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітіне жиналғанын хабарлады.

Мешітке келгендердің арасында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахман Алшанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы Ақан Бижанов, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, спортшы Ардақ Назаров және басқалар бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған