Алматы-Ташкент тас жолында елу жолаушылар автобусы, жеңіл және жүк көліктерінен тұратын алып кептеліс қалыптасты. Қарлы боран мен нашар көрініс салдарынан бірден төрт жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
КТК мәліметінше, адамдарды топ-топпен жақын маңдағы жылу пунктеріне жеткізіп, кейін пойызбен Тараз мен Шымкентке жөнелткен.
«Қар басуы, қарлы боран жолда жүруге ешқандай мүмкіндік бермеді. Қар үйінділерінен 189-ға жуық адам эвакуацияланды. Оның 14-і — балалар. Медицина қызметкерлері 25 адамға көмек көрсетті. Бұл жағдайда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», — деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Шариев.