Четверг, 28 ноября, 2024

Алматы тауларынан ресейлік туристің денесі табылды

Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлады ARDA-AKPARAT.

«Алдын ала дерек бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.Табылған ер адамның жеке бас деректері анықталуда», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.

ТЖМ тауға жалғыз шықпауды ұсынады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған