Вторник, 26 ноября, 2024

Алматы тауларында адасқан туристер үшін тағы 3 үйшік орнатылды

Алматы тауларында арнайы орнатылған үйшікті паналаған туристер тобы құтқарылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Алматы тауларында жаңа 3 үйшік орнатылды.

Барлығы — 18. Соңғы 2 айда осы үйшіктерді 10-нан астам туристер тобы баспана ретінде паналаған.

Туристік топтан ажырап қалған үш алматылық 25 желтоқсанда «Кіші Алматы айналымы» бағытында адасып қалаған.

Тау жорығында Медеу — Кимасаров шатқалы — Фурмановка — Панорама— Башута — Шымбұлақ — Талғар үлкен асуы— Шымбұлақ — Медеу бағыттары қарастырылған.

Олар өз күшін ескермеген әрі арнайы жабдықтарсыз және азық-түлік қорынсыз шыққан. Содан кейін олар Кіші Алматы шатқалындағы арнайы таулы үйшікті паналайды.

«Олар түскі асқа дейін топпен бірге шығып, бес сағат аралығында топтан мүлдем ажырап, адасып кетеді. Бақытымызға орай, олар күн батқанға дейін арнайы үйшікті паналаған. Үшеуінде шамдар, жылы киімдер болған жоқ. Егер таулы үйшікті паналамағанда олар түнде қатты адасып, үсіп қалулары мүмкін еді», — деді тау құтқарушысы Нұрбол Нұралин.

Тау үйшіктерін орнату жобасы басталғалы 20-дан астам топ туристік баспананы пайдаланды.

Бүгінде Алматы тауларында аса маңызды бағыттардың қиылысу нүктелерінде 18 тау үйшігі бар.

«Туристік үйшікте қонып шыққан соң олардың өте пайдалы екеніне көз жеткіздім. Үйшік мен үшін құтқарушы болды, өйткені мен тіземнің ауырсынуын сезініп, кері қарай жүре алмадым. Арнайы үйшікте түнеп шыққан соң @visitalmatykz-ке алғыс айтқым келеді, өйткені бұл үйде тау туристері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: ТЖМ-ге қоңырау шалу түймесі; электр жарығы және ұялы телефонды зарядтау құрылғысы; дайындалған отыны бар пеш; шкафта кружка мен компанияның логотиптері бар үш көрпе болды.Алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен үш кереует бар, үйшік алыстан бірден көрінеді, қызғылт сары түске ие», — деді құтқарылған турист Салтанат.

Бүгінде Іле Алатау тауларында ауа райының қолайсыздығы немесе күрделі жорық кезінде туристер паналайтын жаңадан 3 қосымша тау үйшігі орнатылды.

Олар Үлкен Алматы шатқалындағы «Терра» алаңында, сондай-ақ Кіші Алматы шатқалындағы Букреев пен Құмбел шыңдарында орналасқан.

Үйшіктер құтқарушылармен шұғыл байланыс жүйесімен жабдықталған, оларда алғашқы көмек апаттық жиынтығы — алғашқы медициналық көмек қобдишасы, мобильді құрылғыларды зарядтау стансасы, жылы көрпе және бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы (сіріңке, тез дайындалатын кеспе, крекер, банкадағы ботқа, отын) бар. Арнайы үйшіктер алыстан көзге бірден шалынатын ашық қызғылт сары түске боялған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған