Четверг, 28 ноября, 2024

Алматы тұрғындары «Азия дауысы» фестиваліне автобуспен тегін барады

Алматыда «Азия дауысы» музыкалық фестивальдің 28, 29 және 30 шілдеде өтуіне байланысты қала әкімдігі оған барушылар үшін тегін жүретін 55 автобус ұйымдастырады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алматы әкімдігі хабарлағандай, Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында «Медеу» спорт кешеніне қарай жүретін 30 автобус күтіп тұрады. Тағы 25 автобус іс-шара қонақтарын Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Байтұрсынов көшесі бойында күтеді. «Автобустар келушілердің толуына орай күндізгі сағат 15.00-ден түнгі 00.00-ге дейін жүреді. Кері бағытта автобустар фестиваль аяқталған соң жүретін болады. Сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы метрополитені фестиваль күндері сағат 01:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте №12 бағыттың көлігі штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған