Четверг, 28 ноября, 2024

Алматы тұрғынынан Калашников автоматы мен есірткі табылды

Алматы полициясы арнайы іс-шараны Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында жүргізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұрын мүліктік қылмыс үшін сотталған 44 жастағы А.есімді азаматты рұқсат етілген жеке тінту барысында, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен байламы тәркіленді.

«Жалпы, арнайы іс-шара қару ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында жүргізілді. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде сарайдан АК-74 автоматы мен ТОЗ-17 шағын калибрлі мылтығы табылды. Бұл қарудың нақты кімдігі екендігі мен шығу тегін арнайы сараптама анықтайды. Сонымен қатар А.есімді азаматқа есірткі сатқан 1970 жылы туған М.есімді азаматта сол уақытта ұсталды. Ол да тексерілді. Нәтижесінде белгілі бір иісті, өсімдік тектес заты бар полиэтилен байламы және күні, аты-жөні, ақша сомасы жазылған жазбалар тәркіленді», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған