Биыл 26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау басталады, деп жазады ARDA-AKPARAT.
Бүгінде пайдаланушыларға қосымша мүмкіндік пен ыңғайлы жағдай ұсынатын www.damubala.kz атты жаңа ақпараттық жүйеге көшу аяқталды.
«2023 жылғы 3 наурыздан бастап Алматы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін өкілеттікті аудан әкімдіктеріне берді. Мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді аудандарға беру бағдарламаны іске асыру кезіндегі көптеген кемшілікті алдын алады. Мысалы, тегін секциялар мен үйірмелерді тіркеу және дұрыс көрсетпеу фактілері кездесті», – деп хабарлады әкімдік.
26 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер мен жаңадан қосылушылар үшін жеткізушілердің жұмысына кәсіпкерлерден өтінім тіркеуді бастайды.
2 мамырда сағат 18:00-ден бастап ата-аналар порталдағы үйірмелер мен секцияларға қатысу үшін балаларын тіркей алады.
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады», – деп хабарлады әкімдік.
Анықтама:
Алматы қаласындағы жеткізушілер мен ата-аналар үшін платформаны әзірлеушінің Telegram қолдау қызметі бар: https://t.me/almatydamubala (ата-аналар үшін), https://t.me/almatypostavshik (жеткізушілер үшін).
Анықтама үшін қосымша байланыстар:
- Алматы қаласының спорт басқармасы: 2924167;
- Алматы қаласының мәдениет басқармасы: 2720317;
- Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты: 2998649;
- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 2725698;
- Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 3032558;
- Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 2755068;
- Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 3842760;
- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты: 2916494;
- Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 3074553;
- Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 2231115;
«DamuBala» платформасын әзірлеуші: +77750075920.