Вторник, 26 ноября, 2024

Алматыда 2040 жылға қарай тұрғындар саны 3 миллионға жетеді

2040 жылға қарай Алматы халқының саны үш миллион адамға жетеді, оларды қамтамасыз ету үшін қалада 45,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұл туралы мегаполистің бас жоспарын қоғамдық талқылау барысында құжатты әзірлеуші Тамара Залогина айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бас жоспарды әзірлеушілердің болжамы бойынша 2030 жылға қарай Алматы халқының саны 2,5 млн, 2040 жылға қарай – 3 млн, 2050 жылға қарай – 3,6 млн адамға жетеді.

Тамара Залогинаның айтуынша, қала халқы келушілер есебінен 60 пайызға, ал туу көрсеткіші есебінен 40 пайызға артып отыр.

«2014 жылы халық саны келушілер есебінен 134 мың адамға артқанын көріп отырмыз. Бұл қалаға 22 мың гектар жер кесілген кезде болды. Жалпы, халықтың өсу қарқыны біркелкі. Біз негізінен халық саны табиғи өсім есебінен артады деп болжап отырмыз. Табиғи өсім 2021 жылғы 47 пайыздан 2050 жылға қарай 60 пайызға дейін артады», — деді Тамара Залогина.

Айтуынша, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі 2040 жылға дейін 45,6 млн шаршы метр болуы тиіс.

«2040 жылға қарай жалпы саны 3 млн адам болатын Алматы қаласы тұрғындарының жобалық қоныстануы мынадай түрде жүреді: Оңтүстік-Батыс жоспарлау аймағында 1,3 млн адам (44,6%), Орталық жоспарлау аймағында 0,5 млн адам (18,1%) және Шығыс жоспарлау аймағында 0,45 млн адам (15,2%) тұратын болады», — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған