Маусым айында Алматы әкімдігі Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орнатып, жолды ұзартуды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Жыл басынан бері қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Брусиловский және Байтұрсынов көшелерінде 4 жаңа аялдама орнатылды. Жыл соңына дейін Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелеріне тағы 4 аялдама орнату жоспарланып отыр.