Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғы қойылды

Бүгін – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Алматыда белгілі тарихшы, алаштанушы ғалымдар, ақын-жазушылар ағартушының мұражай-үйі алдындағы бюстіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Алматыдағы ARDA-AKPARAT.

Салтанатты жиында ұлттық жазудың реформаторы атанған қайраткердің ұлы еңбегі туралы тарихшы-ғалымдар үлкен құрметпен атап өтті.

Расында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Алаш арыстарының ізі жатыр, рухы сезілетіндей. Музей-үйінің меңгерушісі бізді құшақ жая қарсы алып, өмірінің соңғы жылдары қызмет еткен Ахмет үйінің бүгінгі тіршілігімен таныстырды. Ахмет Байтұрсынұлының әрбір жазбасы мен еңбегінің түпнұсқасын көргенде рухың көтерілгендей сезінесің. Ал тұтынған заттары бөлек дүние. Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам, тұңғыш профессор. Ахмет Байтұрсынұлы — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері болып санамызда мәңгі сақталады, – дейді Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Мұражай үйіндегі «Ұлт ұстазының ұлықталуы» атты дөңгелек үстелінде Райхан Имаханбеттің «Arsin adami» кітабынің тұсауы кесілді. Келген қонақтар мұражай үйіндегі естеліктермен таныс болды.

Бүгін Алаштың аяулы перзенті, сұңғыла ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген күн. Осыған орай 5 қыркүйек соңғы бірнеше жыл қатарынан Тіл мерекесі ретінде арнайы күнтізбелік мереке күндерінің қатарына еніп, аталып келеді. Бүгін тұсауы кесілген кітаптың жастарға берер тәрбиесі мол, пайдасы орасан болады деген сенімдемін. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», «Дербес өмiрге төл әдебиетi бар халық ғана таласа алады» деп, ХХ ғасыр басында айтқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың тілі мен әдебиетінің ғылымилануына бар өмірін сарп еткен бірден бір тұлға десек артық айтпағанымыз, – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, әнші, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байғали Есенәлиев.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған