Алматы қаласында алаяқтық жасаған 6 адам ұсталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Polisia.kz мәліметінше, 41 жастағы ер адам жеке меншік фирмамен келісімшарт жасап, Toyota Camry көлігін жалға алған. Бірақ онымен көп жүрмеген, көп ұзамай, заңсыз жолмен сатып жіберген. Алдымен адам жалдаған.
Оған кеңседен көлік кілтін алу және көлік ұрланғаны туралы жалған хабар беру міндеті жүктелген. Бірақ ол жауапкершіліктен қашып, басқа адам жалдайды. Жалданған адам да кеңсеге кілтті алуға бармайды. Полицияға да жалған хабар бермейді.
Оның орнына тағы екі адам жалдап, бәрін соларға тапсырған. Оларға ақша берген.
«Соңғы адам – сатып алушы, И. есімді азамат, одан ұрланған көліктің мемлекеттік нөмірлері тәркіленді. Ол Toyota көлігінің ұрланғанын білмегенін, ал «сатушы» оған көлікті қарыздың орнына алғанын айтқан», – дейді полицейлер.
Қазіргі кезде алаяқтыққа қатысы бар күдіктілердің барлығы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.