Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Әуезов ауданы бойынша «Мектеп автобусы» жобасы аясында биыл 5 мектеп (9, 42, 127, 130, 153) қамтылады. Бұл осы мектептерде оқитын барлық баланы тасымалдаумен қамтамасыз етеді. Сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №9 және №127 мектеп оқушыларын тасымалдау қажет», — деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.⠀
Сонымен қатар, №153 мектеп-ұйғыр тілінде оқытатындықтан, осы мектепте қаланың үш ауданынан балалар келіп оқиды.
№130 гимназия және №42 мектепте балалар Алатау ауданына келіп оқитындықтан оқушыларды тасымалдау қажет.