Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда автобус әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды

Алматыда автобус әкімшілік ғимаратына соғылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

13 маусым күні сағат 12:40 шамасында Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соқтығысқан.

«Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы дерегі Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерінің өндірісінде.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған