Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда автобус екі адамды қағып кетті

Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 қыркүйек күні таңғы сағат 09:05 шамасында болды.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді,- деп хабарлады ведомстводан.

Қалалық полицияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптамалар тағайындалды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған