Бүгін Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жол апаты Абылай хан мен Төле би даңғылдарының қиылысында орын алған. Оқиғаға қатысты «Алматыэлектротранс» ЖШС түсініктеме берді. Олардың айтуынша, қоғамдық көлік 2022 жылдың мамыр айында сатып алынған және өндірушінің кепілдігінде.
«Оқиға 28 қыркүйек күні сағат 13:51де тіркелді. Жүргізуші С.А.Қызайбековтің басқаруындағы «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің №70 б/н 3912 (GRNZ 251СU02), «Golden Dragon» маркалы, КАП-3 қоғамдық көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жүргізуші Қызайбеков С.А. Тимирязев көшесінен шығысқа қарай Шашкина көшесінің қиылысында В.В.Новопашиннің басқаруындағы 9 б/н 1161 троллейбусімен соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. Автобус пен троллейбус зақымданды. Автобус жүргізушісі С.А. Қызайбеков кінәлі деп танылды.
Жүргізуші Кызайбеков Сәбит Әлібекұлы 25.04.1988 жылы туған. КАП-3 мекемесінде 11.11.2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Сапар алдындағы медициналық тексеру сағат 05:36-да өтті (жұмыс кестесі 2/2). Сондай-ақ апатқа кінәлі жүргізушіге қатысты шаралар аптасына бір рет өтетін тәртіптік кеңестен кейін қолданылады», — делінген хабарламада.