Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың (ЕТЖ) жаңа жобасы аясында қалада аз қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру кезінде мәлімдеді.
«Бүгін біз ЕТЖ-ны басшылыққа алу керектігін айтамыз. Құрылыс салушы алты қабатты тұрғын үйін ЕТЖ-дағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлданғаннан кейін жобаны жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты ғимараттың нөлдік бұрышында тоғыз қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және жаңа құрылымға ешкім «білгенін» істей алмас үшін бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Біз қаланың өз ережесі бар екенін түсіндіреміз», — деді Асқар Әмрин.
Жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайтуды көздейді.
ARDA-Aqparat