Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда балаларына ие болмаған 300-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды

Алматыда кәмелетке толмаған балалардың түнгі компьютерлік клуб пен караоке-барда жүргендері үшін 333 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сондай – ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне кіруіне рұқсат берген 36 лауазымды тұлға да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түнгі клубты кезіп жүрген жасөспірімдердің ішінде ащы суға сылқия толып алғандар да болған.

«Бірінші жағдайда инспекторлар Катаев көшесіндегі компьютерлік клубтардың бірінде тексеру жұмыстарын жүргізді. Түнгі уақытта сол жерден 17 жастағы жасөспірім табылды. Ол уақытын ойын ойнаумен өткізді. Тағы бір эпизодта 16 жасар қыз ерекшеленді. Түнде ол караоке клубында болды.

Ал Алмалы ауданындағы барлардың бірінде 17 жастағы жасөспірімді мас күйіне жеткізген 21 жастағы жігіт ұсталды. Аталған дерек бойынша материал сотқа жолданды», — деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Айта кетейік, осы күндері Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасында балалардың құқықтарын бұзу деректерін анықтау, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мақсатында «Жасөспірім және көше» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған