Четверг, 28 ноября, 2024

Алматыда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім екі аптадан бері табылмай жатыр

Алматыда 16 жастағы жасөспірім белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Баланың туыстары оны таба алмай жатқанына екі апта уақыт өткенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Нұралы Ешмұхамбет 27 маусым күні сағат 22:00-де Ұлжан1 шағын ауданының Сарыбастау көшесінің 36-үйден шығып кеткен. Содан бері із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім екі аптадан бері табылмай жатыр.

Ағасының айтуынша Нұралы биыл 11- сыныпқа көшкен. Ол спортпен шұғылданғанып, боксқа барғанды, жүгіргенді ұнатады екен. Достары әркез оның денелі келбетіне қызыға қараған.

“Полицияға жүгіндік. Бірақ олар әлі іздестіріп жатқандарын айтуда. Нұралы достарына да ешкімге де қайда бара жатқанын айтпай, сағат ондар шамасында үйден шығып кеткен”,- деді әпкесі Алина.

Жасөспірімнің туыстары көмек сұрайды.

Ұлдың жеке сипаттамасы: бойы 183-185 см, денелі келген, қоңыр көзді, қолында күйгеннен қалған тыртығы бар. Жоғалған күні үстінде қара спорттық костюм, қара іш көйлек пен қара спорттық аяқ киім болған.

Егер қандай да бір деректерді білсеңіз + 7 701 375 92 91 немесе 102 телефон номерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған