Среда, 27 ноября, 2024

Алматыда бес айда мыңнан астам тұрғын қызылша жұқтырған

Елімізде қызылша ауруын жұқтыру деректері өсті. Бүгінде қызылша жұқтырғандар саны 3 мыңнан асады. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың сөзінше, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен.

Сырқаттанғандардың дені -балалар. Олар қызылшаға қарсы жоспарлы екпе салдырмаған.

“Бүлдіршіндердің қызылшамен ауырған науқастар арасындағы үлесі 72% болса, оның 60%-ының ата-аналары вакцинациядан бас тартқан. 20%-ының егуге медициналық қарсы көрсетілімі болған, қалған 20% егу жасына жетпегендіктен алмаған”, — деп атап өтті вице-министр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған